Жамбыл облысында 13 жасар бала суға батып кетті

27.05.2021 03:27

Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 13 жастағы бала суға кетіп қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қаратау қаласындағы Жартас көлінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жеткіншек қатарластарымен суға түскен, деп хабарлайды Almaty.tv

Шомылып жүрген төртеудің бірі лезде ғайып болады. Марқұмды таппай қалған балалар айқайлап төңіректегілерді көмекке шақырған. Тұрғындардың бірі судан шығарып алғашқы жәрдем көрсетуге тырысқан. Алайда тым кеш болыпты. Айта кету керек, облыста шомылуға рұқсат етілген 16 орын белгіленген. Жуырда өңірде шомылу маусымы басталады. Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. 

«№1 лицей мектебінің 6-сынып оқушысы 2008 жылғы тумасы. Шомылу барысында шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен. Статистикаға сәйкес, 2020 жылы облыста 18 адам қайтыс болған. Оның ішінде 9-ы бала», – деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Руслан Шариев.