Соның салдарынан екі адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілген
Бүгін Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласының жанармай құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соның салдарынан екі адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ жарылыс кезінде бекеттегі 5 техника жанып кетіпті. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 80 шаршы метрге дейін жеткен. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қазір жағдайдың тұрақты екенін жеткізіп отыр. Қоса кетейік, оқиға орнында бес өрт сөндіру көлігі мен 12 адам жұмыс істеді.
«Оқыс жағдай бүгін түскі сағат 14:00 шамасында басталды. Қызметкерлер мен техника өртті 2 сағаттан кейін ғана өшіре алды. Жарақат алып ауруханаға жеткізілген адамдардың бірі 48-де болса, енді бірінің жасы 49-да. Өрт сол бекеттегі газ баллондарының жарылу себебінен болып отыр. Жағдай бақылауымызда», – деді Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.