ТЖ: Жолда кәуап пісірген азамат 15 тәулікке қамауға алынды

01.04.2020 в 00:52

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді

Алматының Шығыс айналма жолында кәуап пісірген азамат ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Естеріңізде болса, әлеуметтік желі арқылы жолдың бойында әлдекімдер от жағып отырған видео таралып кеткен болатын. Құқық қорғау органдарымен мониторинг жүргізіліп, тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды. 

22 жастағы қала тұрғыны өз кінәсін мойындады және ол үш бірдей заң бұзушылық бойынша: ұсақ бұзақылық, төтенше жағдай режимін бұзағын үшін және көлігін рұқсат етілмеген жерге қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Өз кезегінде «тәртіпсіз көше аспазы» бүкіл елден кешірім сұрады.