Аудан орталығына кіре берістегі тар көпірде мал өткелі қарастырылмағандықтан, оқыс оқиға жиі орын алады екен
Әлеуметтік желілерде тараған видеода бірнеше ірі малдың жайрап жатқанын көруге болады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша еңіске түсіп келе жатқан жүк көлігінің тежегіші істен шығып, тоқтай алмай қалған. Нәтижесінде өрістен қайтып келе жатқан табынды басып кетіпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Апат салдарынан 9 сиыр өліп, бірнешеуі жараланған. Аудан орталығына кіре берістегі тар көпірде мал өткелі қарастырылмағандықтан, оқыс оқиға жиі орын алады екен. Бұл туралы Кеген ауданы әкімдігінің өкілдері былай деді.
«Жандос-2» деген мердігер компанияның КАМАЗ-ы. «Сұңқар 2002» ЖШС нақты қайсысы екенін айтпай отыр. Тежегіші істен шыққанда. Техникалық ақау болып тұр ғой. Оның халықаралық жолға мүлдем қатысы жоқ», - деді Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Алмас СЕЙІТҚОЖА.