Жедел жәрдем келгенше жан тапсырған: Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
42 жастағы Бақытжан Нұртазин 12 сәуірде вакцинаның бірінші компонентін алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алғаннан кейін қайтыс болды деген  ер азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

42 жастағы Бақытжан Нұртазин 12 сәуірде вакцинаның бірінші компонентін алған. Денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтпапты. Ал 21 күннен кейін ол екпенің екінші компонентін алу үшін емханаға барған. Барлығы ережеге сай өткізілгеннен кейін Бақытжан Нұртазин үйіне қайтқан. Оның жағдайы үйде күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенінше, жан тапсырған. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, жүрек ауруы өлімнің себебі болуы мүмкін. Қазіргі таңда медициналық сараптама жұмыстары басталып кетті.

«Қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптамасы басталған.  Оның нәтижесін маусым айының басында аламыз ба деп үміттеніп отырмыз. Оғанға дейін  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында комиссия құрылып, ол да өз жұмысын жүргізіп жатыр. Бұрын немен ауырған, қандай науқасы болған соның барлығын қараймыз. Барлық нәтиже бойынша сіздерді хабардар етіп отырамыз», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали.

Новости партнеров