3 мыңнан астам адам тұрады
Солтүстік Қазақстанда 3 мыңнан астам адам тұратын 79 елдімекенді су басу қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған орай облыста қызыл суға қарсы іс-шаралар жасалып жатыр. Бүгінге дейін елді мекендерден 1 млн. 900 мың текше метр ақұлпа шығарылған. Сондай-ақ, тұрғындар су тасқынынан зардап шеккен жағдайда оларды орналастыратын алдын-ала 325 пункт дайындалыпты.
«Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу мақсатында өңірде 13 су өткізу құбыры орнатылды, 500 метрден астамы салынды және 5,5 км-ден астам топырақ үйінділері нығайтылды. Бұдан басқа, су басуға аса бейім учаскелерде 119 км астам топырақ үйінділері және 7,5 км қорғаныс бөгеттері салынды», – деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов.