ШҚО-да суға батқан қайыққа қатысты тергеу басталды

19.07.2022 в 01:06

Теплоход жағалаудан 300 метрдей жерде аударылған

әуесқой түсірілім

Полицейлер ШҚО-да суға батқан қайыққа қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатты жел салдарынан Бұқтырма су қоймасында туристер мінген теплоходтың аударылып, 24 адам құтқарылғанын еске салайық. Аймақтағы төтеншеліктер оқыс оқиғада зардап шеккендердің жоғын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, теплоход жағалаудан 300 метрдей жерде аударылып, суда қалған 24 адамға, оның ішінде 9 балаға сол маңда жүрген катер иелері шұғыл жетіп жағаға алып шыққан. Кейін туристерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.