19 сағат 30 минутта Алматы қаласында жер сілкінген
Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкі 19 сағат 30 минутта Алматы қаласында жер сілкінген. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты мен магнитудасы анықталып жатыр. Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтар күні 19 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді. Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Алматыда 3-4 балл көлемінде сезілді. «Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ» деп мәлім етті