Елімізде 2 мың 600 жол апаты тіркелген

13.04.2022 01:11

3 айда 400-ден астам адам жол апатынан көз жұмған

Almaty.tv

Елімізде 3 айда 400-ден астам адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Осылай деген ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов 2 мың 600 жол апаты тіркелгенін мәлімдеді. Айтуынша, кейінгі бес жылдағы ақпарат бойынша бір жылда 2 мыңнан астам адам жол апатынан көз жұмады.  20 мыңдай адам түрлі дене жарақатын алады. Сонымен қатар, өткен жылы мопедтер мен самокат тепкен 68 адам жарақат алып, адам өлімі тіркелегн.

«Баланың ойы далада, ананың ойы балада» деген қазақта мақал бар. Балаларды күнделікті бақылауда ұстау керекпіз. Ел болып осы жағдаймен күресу керекпіз. Қазір көліктің саны күнделікті өсіп жатыр», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов.