Жыл басынан бері Қазақстанда 71 орман және 513 дала өрті орын алған
Елімізде өрт қаупін алдын алу кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәл осындай мәселе бес өңірде туындап отырғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жеткізді. Айтуынша, биыл жыл басынан бері Қазақстанда 71 орман және 513 дала өрті орын алған. Тілсіз жау 18 мың гектарға жуық жерді шарпыған.
«Өрт қаупі Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстарында сақталып отыр. Осы ретте облыстық Төтенше жағдайлар департаменттерінің мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге орман алаптары мен адамдар демалатын жерлерге рейд жүргізіп жатыр. Нәтижесінде 156 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға орман және дала өрттерінің шығуына себеп болғаны үшін айыппұл салынды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.
Бұдан бөлек, Юрий Ильин құйынның салдарынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Дауыл үшін аталған өңірлерде 160-тан астам нысанның шатырлары қирап, электр жүйелері зақымданған. Қазіргі таңда материалдық шығын әлі есептеліп жатыр.