Түркістан облысында ағайындылар улы газдан көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оқыс оқиға Түркістан облысы Жылысу ауылында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Газды үнемдеймін деп бақилық болды. Оқыс оқиға Түркістан облысы Жылысу ауылында орын алған. Ағайындылар көгілдір отынды үнемдеу үшін мұржаны бітеп тастаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үйде 62 және 50 жастағы ағайынды екі ер кісі тұрған екен. Олар үйінен шықпай қалған соң, баспанаға бас сұққан көршілер улы иісті сезеді. Есік-терезені ашып, үй ішін желдетіп жүргенде бөлменің бірінде ессіз жатқан адамдарды көрген. Жедел-жәрдем мен төтенше жағдайлар мамандарын шақырғанымен, ағайындыларды құтқару мүмкін болмапты. Көршілердің айтуынша, ағалы-інілі бірнеше күн бұрын ғана мұржаға темір түтік орнатып, газды үнемдемек болғанын айтқан көрінеді.

«Енді осындай жағдай алдағы уақытта орын алмау мақсатында мынау облыс тұрғындарын қатаң өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз. Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, сонымен қатар мамандандырылған газ қызметкерлерімен бірлесіп, орнату барысында да немесе  қандай да бір сұрақтар бойынша сол кісілермен бірлесіп істеуге шақырамыз», – деді Облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов.

Новости партнеров