Алматыда полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалған
Фото: Әлихан Сариев
Бұл туралы Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
5 қаңтар күні лаңкестер Алматыдағы полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасаған. Арнайы дайындықпен келген қарақшылардың негізгі жоспары полиция бөлімшелерін басып алып, қару-жарақты қолды қылу болған. Бұл туралы Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мен өзім Полиция департаментінде болдым, ғимаратты басып алу үшін 27 рет шабуыл жасалғанын санадық. Қылмыскерлер техниканы, джиптер мен КамАЗ көліктерін қолданды.
Шабуылдарды соғыс тактикасын жақсы білетін, өлілер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кететін, кәсіби дайындығы бар адамдар жасады", - деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05