Өйткені таулы аямақтағы қардың қалыңдығы әдеттегіден 12 сантиметрге көп
Әсіресе, өзен жағасына жақын орналасқан үй тұрғындары ұйқыдан айрылдық дейді. Ал, өзен ағысы күннен-күнге күшейіп, арнасынан асуға сәл-ақ тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мархаба Момынованың үйі Сайрамсу өзенінің бойында орналасқан. Тасыған өзен арнасынан асып, үйімізді су шая ма деп қорқады. Күннің жылдам жылуынан еріген қар суы дәл осы Сайрамсу көбейтіп жіберген. Ал, мән-жайды біліп отырса да аудан басшылары қол қусырып қарап отыр деп налиды.
«Күннен-күнге желініп құлап жатыр. Мен де балдарымды уайымдаймын, қауіпсіздік шаралары қолға алынса. Төрт жыл болды. Әр жылда әкім өзгергенде әкімшілікке барамын. Облыс әкіміде, Нұр Отан да, Қаратау әкімшілігі де қалған жоқ. Барлық жаққа барамын. Арыз жазамын. Келеді көреді шешімі табылмайды. Төрт жыл болды міне», - деді қала тұрғыны Мархаба МОМЫНОВА.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өзенге жақын орналасқан аумақты аралап шықты. Алайда өзен деңгейі әлі де көтерілетінін айтқан. Өйткені таулы аямақтағы қардың қалыңдығы әдеттегіден 12 сантиметрге көп. Тіпті, сел жүру қаупінің де бар екенін айтыпты. Төтенше жағдай департамент өкілдері судан келетін қауіпке дайын екендігін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді.
«ТЖД-нің құтқару қызметі су тасқынның алдын алуға толығымен дайын. Және коммуналдық шаруашылық қызметтері де. Енді қаланың өсуіне байланысты шалғай жатқан елді мекендерде көптеген үйлер салынып, ирригациялық жүйелер жоқ. Қазығұрт, Қайнарбұлақ, Құрсай елдімекендерінде ирригациялық жүйе болмағандықтан, қатты жаңбыр жауған кезде аулаларына су кіріп кетеді», - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат ДЕРБІСОВ.
Ал төтеншеліктер, көпшілікті дүрлікпеуге шақырып, бір ай көлемінде жөндеу жұмыстарын бастайтындықтарын айтты.
«Көпір қауіпті болғандықтан, біз 2019 жылдан бері әкімшілік тарапынан жұмыс жасап келе жатырмыз. Бұл жұмыс өз нәтижесін берді. 2019 жыл жобалық сметалық құжаттар дайындалып, биыл Түркістан облысына жолаушылар тасымалдайтын басқармасы тарапынан 350 000 мың тг бөлініп, бір айдың көлемінде бұл жұмыстар басталад деген үміттеміз», - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат ДЕРБІСОВ.
Айта кетейік, қызыл судың алдын алу үшін барлық жағдай жасалған деді мамандар. Тіпті, құтқарушылардан бөлек өзге де коммуналдық қызметтер сақадай сай. Айта кетейін, осы жылы қаладағы 80 көшенің арықтары қайта жаңартылатын болады.
Ардақ Жақсылықова, Нұрболат Әмір, «Алматы» телеарнасы Шымкент