Әрекеті әшкереленген шенеунік уақытша ұстау изоляторына тоғытылды
Ірі сомада пара алды деген күдікпен Аягөз әкімі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, қала басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алған. Әрекеті әшкереленген шенеунік уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.