Маңғыстау облысында анасы мен үш баласы уланып, қайтыс болды

15.02.2020 01:26

Отағасы мен тағы бір балалары ауыр халде

nur.kz

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында анасы мен 3 баласы уланып көз жұмды.  Әйел адам 39 жаста, балалары 14, 13 және ең кішкентайы 2 жаста, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өкінішке қарай, оқиға орнына 3 бірдей жедел жәрдем жеткенмен бүтін бір отбасын аман алып қалу мүмкін болмаған. Олар сол жерде тіл тартпай кеткен. Сондай-ақ отағасы мен тағы бір бала Маңғыстау облыстық ауруханасына және облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Олардың да жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.