13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді. АН-26 ұшағы құлап, өртенді. Оқиға орнына жеткен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы бар күшін салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұшақ апатынан 4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 жылы туған азаматта сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған азамат ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қаласында №4 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін аянып қалмақ емес. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.