Зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды – Алматы әкімдігі

14.03.2021 01:26

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін барын салып жатыр

13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді. АН-26 ұшағы құлап, өртенді. Оқиға орнына жеткен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы бар күшін салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұшақ апатынан 4 адам қайтыс болды,  зардап шеккен 2 адам 1987 жылы туған азаматта сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған азамат ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қаласында №4 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін аянып қалмақ емес. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.