Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

11.06.2022 01:30

Бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» құрылысында 4 жұмысшы көз жұмды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехтарының бірінде төрт жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.