Бұршақ аралас жаңбырдың соңы сел жүруіне әкепті
Алматы облысында тағы да сел жүрді. Лай аралас ағып жатқан судың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv
Оқиға кеше сағат 15:30 – 16:00 арасында болған. Бұршақ аралас жаңбырдың соңы сел жүруіне әкепті. Тасыған су Сарыөзек – Көктал жолының 171 шақырымындағы көпірден асып кеткен. Алайда жол бүлінген жоқ. Ешкім зардап шекпеген.