Атырауда нәрестенің бетіне хиджама жасағандарға айыппұл салынды

Атырауда  нәрестенің бетіне хиджама жасағандарға айыппұл салынды
Бұл – облыстық прокуратура мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген тексеріс нәтижесі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда 1 жасқа толмаған нәрестенің бетін тілгілеп хиджама жасағандарға айыппұл салынды. Бұл – облыстық прокуратура мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізген тексеріс нәтижесі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың хабарлауынша, орталықтың жұмысында  заң бұзвлған. Еске салайық, осыдан 2 апта бұрын Атырау қаласында нәрестенің бетін тіліп, ем жасаған видео әлеуметтік желіге тарап, көптің талқысына түскен еді. Желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынап шағымданған соң, Денсаулық сақтау министрлігі орталықтың жұмысын тексеруге тапсырма берген болатын.

«Заң бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды. Тексеру материалдары Атырау облыстық прокуратурасына және полиция департаментіне жолданды. Рұқсат және хабарламалар туралы ҚР заңнамасына сәйкес, хиджама медициналық лецензиялауға жатпайтын қызмет түрі болып есептеледі», – деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бөлім басшысы Динара Қуанова.

Новости партнеров