Алматы маңында құлаған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы да қаза тапты

29.01.2020 в 01:48

Марқұмның жасы биыл 55-ке толар еді

Bek Air ұшағы апатынан аман қалған екінші пилот кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұшқыш 21 қаңтарда № 4 клиникалық ауруханасынан аман-есен үйіне шығарылған. Ол кезде Мейіржан Молдақұловтың денсаулығы тұрақталған еді дейді дәрігерлер. Ұшқыш емханада кардиолог, хирург, терапевт пен психологтың бақылауында болды.

Алайда кешкі сағат 18.00 шамасында жедел жәрдем қызметіне оның жағдайының күрт нашарлап кетуі туралы хабар түскен. Оған тез арада жүрек жұмысын реттеуге бағытталған реанимациялық шаралар жасалыпты. Бірақ өкінішке қарай, пилотты құтқару мүмкін болмаған.

Еске сала кетейік, осы айдың 5-і күні апатқа ұшыраған ұшақтың екінші пилоты есін жиып, оны бейіндік бөлімшеге ауыстырған болатын. Марқұмның жасы биыл 55-ке толар еді.