Алматы маңындағы блок-бекеттерде қазіргі ахуал тұрақты

almaty.tv
almaty.tv
Өрескел заң бұзушылық және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Блок-бекеттердегі қарбалас әлі сейіле қойған жоқ. Әсіресе, рұқсат алып жұмысына асыққандар таңертең кешке кептеліске тап болуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалпы блок-бекеттен емін-еркін өту үшін қандай құжат қажет? Кімдерге рұқсат?

Алматыдағы 13-блок-бекеттегі таңертеңгі жағдай осындай. Мына жақта халық жаяулатып, қала аймағына өтуде. Ал мына жақта тәртіп сақшылары рұқсаты бар көліктерді тексеріп жатыр. Екі жақты да байқасаңыздар, ұзын-сонар кезектің бары байқалады.

Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, Алматыда карантин әлі жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары 4 күннен бері қалаға өтушілер саны күрт артқанын айтады. Себебі бірқатар салаларға жұмыс істеуге рұқсат етіліп, кәсіпорындар облыс аумағында тұратын жұмыскерлерін жаппай шақырып жатыр.

БЛИЦЫ:

1. Бәрін тексеріп өткізіп жатыр. Бәрі дұрыс. Жұмысқа кетіп бара жатырмыз.

2. Не спросили, просто проверили. Я работаю в городе. Все нормально.

3. Жоқ кезек күту болған жоқ. Ешқандай проблема болған жоқ бізде.

4. Спросили есть разрешение и все. Разрешение есть и пропустили. Только из за этого пропускает.

Ал блок-бекеттен өту үшін бар болғаны жеке басты растайтын куәлік қажет. Тәртіп сақшысы рұқсаттың бар жоғын арнайы база арқылы қарайды. Ал қасында тұрған дәрігерлер дене температурасын тексереді. Егер дене қызуының көтерілгенін көрсе, бірден жедел жәрдем шақырамыз дейді.

«Блок-бекеттердегі қазіргі ахуал тұрақты. Өрескел заң бұзушылық және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған жоқ. Азаматтарға бірінші кезекте түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. 11 мамырға дейін 2300-ге жуық адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Карантин режимін бұзу деректері ішінде көбісі блок- бекеттерді айналып өткісі келгендер. 600-ден астам азаматтар әкімшілік қамауға алынды», – деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Қазір блок-бекеттерде тек ғана тәртіп сақшылары ғана тұр. Қаланың шекарасын бақылауға түскен 700-ден астам полицей екі ауысыммен жұмыс істейді. Сондай-ақ, 3 мыңнан аса тәртіп сақшысы қаланы жаяу аралап жүр. Айта кетейік, полицейлер қорғаныс құралдары, яғни бетперде, медициналық қолғаппен толықтай қамтылған. Бірнеше рет коронавируске байланысты ПТР тест тапсырған.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров