Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда 26 жастағы қыз 25-қабаттан секіріп, мерт болды. Оқиға өткен түнде Розыбақиев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Өткен түні сағат 22:00-де орын алған қайғылы жағдай «Мега» ойын-сауық кешені маңында тұратын тұрғындарды ғана емес дүйім жұртты есеңгіретіп тастаған. Ешкім ашылып айтып, еске алғысы келмейді. Куәгерлер қыздың 25-қабаттан секіргелі жатқанын сол мезетте білсе керек.
Оқиға орнын полиция қызметкерлері бірден қоршап, тиісті шаралар жүргізген.
«Жинастырып кеткен, бірақ ұсақ-түйек қалған. Таңертең өзіміз жинастырдық. Шаштары кәдімгідей шашылып кеткен. Иісі шыққан соң КСК-ның адамдарымен жуып шықтық», – деді дүкен қызметкері Қуаныш Күнболатов.
Белгілі болғандай әйел Шымкенттен келген. Тұрғын үйдің жоғары қабатындағы пәтерлердің көбі сағаттап жалға берілетін көрінеді. Сондықтан марқұмның кім екенін ешкім білмейді.
«Ол үйді бұрын жалдап тұрған. Бұл жолы тек сол ойын іске асыруға келген сияқты. Біз 25 қабатқа көтеріліп, құтқарамыз дегенше ол секіріп кетті. Біз де, полиция да үлгермей қалдық», – деді тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері
Дерекке қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қайтыс болған азаматшаның жеке басы анықталды. Ол 26 жастағы бойжеткен болып шықты. Бостандық аудандық ПБ Қылмыстық Кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің өмірмен қош айтысуына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.
Назкен Еркін, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы