CҚО-да жоғалған балықшы бір жылдан кейін табылды

12.05.2021 01:54

Қазір мамандар сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр

ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда былтыр жоғалған балықшының тағдыры белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, балықшының жансыз денесі Пчелино ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан Чистое өзеніндегі қалың қамыстың арасынан табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір мамандар сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Осыдан алты ай бұрын 58 жастағы қала тұрғыны немересімен балық аулауға шыққан еді. Баланы жағада қалдырып, қайықпен айдында жүрген кезде жүзу құралы аударылып, балықшы суға кетеді.

«2020 жылдың 31 қазанда Чистое көлінде ер адам жоғалған еді. Алдын-ала болжамға сәйкес ол көлде батып қалған. Іздестіру жұмыстары жүргізілді, алайда көлді мұз басып, сол уақыттағы ауа райының нашарлауына байланысты іздестіру жұмыстары кейінге қалдырылды. Биыл мұз еріген соң іздестурі жұмыстарын жалғастырдық. 6 мамырда ер адамның денесі табылды», – деді Облыстық ТЖД бөлімінің құтқарушы-жетекшісі Қайрат Самаев.