Полицейлердің мәліметінше күдіктілер айдап кеткен ірі қаралардың бағасы 9 млн теңге
Жамбыл облысында жетпіске келген қарияның 15 бас жылқысын қолды қылған қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv
Барымтаға барғандар ізін суытпай анықталып, қамауға алынған. Олар Жамбыл және Алматы облысының үш тұрғыны. Полицейлердің мәліметінше күдіктілер айдап кеткен ірі қаралардың бағасы 9 млн теңге. Жоғалған жылқылар Алматы облысы аумағынан табылып, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
«Үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар 29 және 28 жастағы екі ер адам Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары екен. Олар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Облыстық ПД басшысының орынбасары Нұржан Қалметов.