Қарағанды маңына МИГ-31 әскери ұшағы құлады

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды маңына МИГ-31 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Қайғылы оқиға Қарағанды аэродромының оңтүстік бөлігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштардың бірінен от шықты. Әскери ұшқыштар ұшақты тастап кету жөнінде бұйрық алған соң ұшақты далалы аймаққа бағыттап, жергілікті азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көздері жеткен соң, ұшақтан секіріп кеткен. 


 Алайда ұшақтың екі экипаж мүшесі зардап шеккен. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккен екі ұшқыш санавиациямен Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді.  Зардап шегушілердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісі орташа ауыр халде. Қажетті ем алып жатыр, делінген ақпаратта. 


Новости партнеров