Алматыда бір күнде 8 мыңға жуық кіреберіс пен 1 мың аула залалсыздандырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда дезинфекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дезинфекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Мәселен, бүгін 8 мыңға жуық кіреберіс пен 1 мың аула залалсыздандырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Оған қаланың коммуналдық шаруашылығы мен барлық аудандағы тазалыққа жауапты мердігер компаниялар жұмылдырылған.  

Бір аптадан бері карантинге жабылған бүгінгі Алматының таңы осындай дауыс ұлғайтқышпен басталды. Себебі де түсінікті.  Шаһар әкімшілгі залалсыздандыру жұмысына мықтап кіріскен.  Атап айтқанда, қаладағы барлық автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар аптасына екі мәрте дезинфекцияланады.

«Бүгін кешке дейін біз қаланың 33 %-ын қамтуға біз дайын тұрмыз. Яғни, үш күн бойы жүргізіледі. Аптасына екі рет болатын болса, бірінші күні 33%, екінші күні 33%, үшінші күні 33%. Сонымен қаланы 100%-ға қамтимыз. Аптасына екі рет осындай жұмыс жүргізілетін болады, кестеге сәйкес», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.

Ал, күні кеше 8633 кіреберіс пен 1441 аула арнайы қоспамен өңделсе, бүгін де 8 мыңнан аса подъезд бен 1 мың аула залалсыздандырылды. Одан өзге, қоқыс жәшіктері, көше орындықтары да жіті тазаланып тұрады. Мамандар дезинфекция жұмыстарынан кейін бірнеше сағат далаға шықпауға кеңес береді.  

«Біз пайдаланып жатқан препарат дезотапс деп аталады. Ол – таблетка. Ол күнделікті пайдаланып жүрген препарат. Жалпы адам денсаулығына зияны жоқ. Дезинфекция орталығымен келісілген. Осындай залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қала тұрғындарынан үйлерінен шықпауын сұраймыз», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Данияр ӘБДІРЕШОВ.

Сондай-ақ, қалалық әкімдік «Алматы тазалық» коммуналдық шаруашылығы Полиция департаментімен бірлесіп, адам көп шоғырланатын скверлерде де дезинфекция жұмыстарын жүргізіп қарқынды жүргізуде.

Арнат Дүйсен, Валери Таубалдиев, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы  

Новости партнеров