Ағайынды Әлекеевтер ісіне қатысты тың деректер шықты

07.02.2020 02:00

Кадрлерден ағайындылардың көлігін әлдебіреулер теуіп, алдынан соққы жасап жатқанын байқауға болады

Almaty.tv

Айыпталушының қорғаушылары сотқа оқиға болған күні телеграмм әлеуметтік желісінде пайда болып, артынша өшіріліп тастаған бейне роликті алып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кадрлерден ағайындылардың көлігін әлдебіреулер теуіп, алдынан соққы жасап жатқанын байқауға болады. Олар кетіп қалғысы келген, алайда еш мүмкіндік бермеген дейді Әлекеевтердің қорғаушылары.

«Анық есімде, сот сәтте қасымда Станислав пен Еркен болды», - деді жәбірленіші Сергей ХАН.

«Көлікті қолымен кім тоқтатты?» деп сүрады одан.

«Қолымен бе? Меніңше, Еркен болуы керек», - деді ол.

«Ал, Еркеннің қасында тұрған сіз бе»?

«Қалай айтсам екен, онымен Алиевтің артында  Станислав тұрды, ал Әлиевтің артында мен», - деді жәбірленуші.

Аталған роликтің айыпталушы жаққа қаншалықты көмектесері келесі аптада белгілі болмақ. Атышулы іске қатысты үкім 11 ақпан күні оқылады.

«Яғни, жәбірленуші жақ көшеге шықты, сол сәтте көлік тоқтады ғой, дұрыс па?

«Көлік ол жерде тұрған болатын».

«Көлік тұрған жоқ қой. Міне, олар сот сәтте осылай жүгірді».