ҰҚК құны 34 миллион теңге болатын 2 келі синтетикалық затты тәркілеген

21.05.2020 02:00

Есірткі зертханасының жолын кесті

ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері астыртын есірткі зертханасының жолын кесті. Тінту кезінде «қара нарықта» құны 34 миллион теңге болатын 2 келі синтетикалық затты тәркілеген. Есірткіні жасап, оны сатып алушылармен келіскен орынға «салу» арқылы ақша тауып келген нәзік жанды ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды қойылма деген жолмен сауда ұйымдастырған Қазақстан республикасы азаматын ұстады. Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 келі синтетикалық есірткі, 2 келі реагент, 40 литр әртүрлі прикурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айла-бұйымдар алынды», – деді  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Аркен АБДУҒАЛИ.