|
22.12.2023 | 21:01
4226

Мегаполисте автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті

Оқиға орнында 7 адам зардап шекті

Мегаполисте автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті фото: Almaty.tv

2023 жылы 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды. Үш ересек адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне  сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып N7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмекпен қоса, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир