2020 жыл 15 сәуір сағат 18.00-дегі жағдай бойынша су тасқынының алдын алу жөніндегі ақпарат
Алматы қаласында жауын-шашын жауу кезеңінде су басудың алдын алу және жою мақсатында 2020 жылдың 14-15 сәуірі аралығында мердігер ұйымдардың, аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылып, «109» құтқару қызметінің, аудандық ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Су басудың басты себебі – канал желілері тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалған.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 18 су басу жағдайы тіркелді, оның 16-сы қалыпқа келтірілді.
2 мекенжай бойынша жұмыстар жүргізілуде:
Алатау ауданы – 2 жағдай;
1) Әйгерім ш/а. Сағи Әшімов к-сі, 14а, жеке үй ауласын су басу;
2) Шапағат ш/а. Бердіқұлов к-сі, 273, көшені су басу.
Сонымен қатар, Жетісу ауданында Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысы, Түрксіб ауданында Сейфуллин көшесі, 111 үйдің жанында апатты ағаштар құлап, Алматы құтқару қызметінің қызметкерлерімен жиналды.
Таңертеңнен бастап суды кедергісіз өткізу және сорып алу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 779 адам, 276 бірлік арнайы техника және 32 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Барлығы 880 дана құм салынған қап қолданылған.