Бұл алдын ала жасалған болжам
СҚО-да болаған алапат өрттің себебі айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтеншеліктердің мәліметіне сәйкес, тілсіз жаудың себебі – отты абайсыз қолдану. Алайда бұл алдын ала жасалған болжам дейді.
«Өрт ошағы ауылдың шетінде орын алғанын көреміз. Тілсіз жау тұрғын үйлерге қарай жайылу барысында, алдымен бірінші үй зардап шеккен, содан кейін өрт жақын тұрған тұрғын үйлерге де жайылған. Осы сызбаға сәйкес бұл өрттің пайда болуының негізгі себебі белгісіз адамдардың немесе елдімекен тұрғындарының құрғақ шөпті өртеуі», – деді Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің басшысы Аслан Ахметжанов.
Еске сала кетейік, өрт салдарынан Желяково елдімекенінде 6 бірдей үй қора-қопсысымен бірге түгі қалмай өртеніп кеткенін хабарлаған едік.