Алматыда танымал вайнердің көлігін тонап кетті (ВИДЕО)

14.06.2019 в 02:18

Екі көлікті де сындырып, түк қалдырмай тонап кеткен

Алматының қақ ортасында Yuframe тобындағы танымал вайнер Карина Өксікбаеваның көлігін тонап кетті. Бұл туралы жас қыз Instagram желісінің сторизінде айтып, ұрылардың «жұмысын» көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Карина жариялаған видеодан екі көлікті сындырып кеткені көрінеді. Мұны вайнердің өзі растап отыр. 

«Реніш тудырады. Екі көлікті де сындырып, түк қалдырмай тонап кеткен. Шок болдым. Полиция шағымымды аяғына дейін тыңдаған да жатқан жоқ. «Қайда тұрасыз? Не болып қалды? Қашан болды?» деп сұрады. Сөйтті де, тұтқаны тастай салады», - дейді Карина. 

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін, шұғыл шаралар кешені қабылданады», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Теги: вайнер