Немесе 5,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады
Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Алматыда карантин режимі күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Егер азаматтар карантиннің белгіленген шаралары мен шектеулерін орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Белгіленген талаптарды бұзған азаматтарға алдымен ескерту жасалып, қайталанған жағдайда 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады немесе кінәлі 15 тәулікке қамалады. Ішкі істер органдарының заңды талаптарын бұзғаны үшін азаматтарға 106 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабын орындамағаны үшін айыптыға 5,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Санитариялық қағидаларды сақтамай, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан заң бұзушылық үшін 2 мың АЕК-ке дейінгі, яғни 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл төленеді немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі. Қала көшелерін құқық қорғау органдары мен ҚР Ұлттық ұланының күші, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелері тәулік бойы күзететін болады.
Карантин режимі күшейтілді
Карантин ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту:
– Карантиннің белгіленген шаралары мен шектеулерін бұзған жағдайда
ескерту, 26,5 мың теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау
– Ішкі істер органдарының заңды талаптарын бұзған жағдайда
106 мың теңгеге дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау
– Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабын орындамаған жағдайда
5,3 миллион теңге көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру
– Санитариялық қағидалар сақталмай, өзге адамдарға жұқтырған жағдайда
2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Қала көшелерін тәулік бойы құқық қорғау органдары мен ҚР Ұлттық ұлан сарбаздары, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелері күзететін болады.