ШҚО әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты

04.10.2021 04:11

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз

inform.kz

Өскемен қаласында ШҚО әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, М.Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатындағы кабинеттердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. 

«Құтқарушылар жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, ары қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Оқыс оқиғаға байланысты мамандар тексеру жүргізетін болады.