Ол туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
Қарағандыда карантин кезінде жүруге рұқсат берілген жалған анықтама жасаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 39 жастағы тұрғын әр анықтаманың құнын 5 мың теңгеге бағалап, осы уақытқа дейін жалған құжаттың 50 данасын сатып үлгерген. Криминалдық полиция қызметкерлеріне мұндай анықтама сатып алған қала тұрғынының құжаты күдік тудырып, кейін оңай олжа тапқан азамат қолға түскен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 1-тармағы «жалған құжат дайындау және сату» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.