ШҚО-да ер адам қойдың басын үйітемін деп өзі өртенді
Ер адамның жағдайы аса ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында ер адамның денесінің тоқсан пайызы күйіп қалды, деп жазды Today.kz.
«Жарма ауданында жөнделмеген күйдіру шамының салдарынан 39 жастағы ер адамның денесінің тоқсан пайызын күйік шалды. Қазіргі таңда жәбірленушінің жағдайы аса ауыр. Жөнделмеген күйдіру шамынан жанар жағармай лап ете түскен. Ер адам қойдың басын үйітпек болған, бірақ лап еткен жалын үстіндегі киімін шарпыған», - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Жанып жатқан ер адамды жанында жүрген адамдар өшірген. Жалынның жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құрады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59