Биыл елімізде өрт салдарынан 228 адам көз жұмды

13.10.2020 02:40

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті

Фото: Фокус.ua

Биыл елімізде өрт салдарынан 228 адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, тәулік сайын ведомство бөлімшелері 100-ден 150-ге дейінгі шақыртуға барады. Олардың негізгі үлесі тұрғын үй секторындағы өртті өшіруге қатысты. Осы ретте өрт сөндірушілер жеке секторлардың тұрғындарын барынша сақтық шараларын ұстануға шақырып отыр.

«Биылғы тоғыз айда елімізде 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, оның салдарынан 217 адам жарақат алды, 228 адам қайтыс болды. Жалпы, өрт 10,5 пайызға төмендегенін байқап отырмыз: тұрғын үй секторында  12 пайызға, көлікте  19 пайыза, бақылаудағы нысандарда 8 пайызға азайды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.