Карантинді коменданттық сағатпен шатастырмау керек

18.03.2020 в 03:03

Нұр-Сұлтан қаласында да карантин режимі енгізіледі

Фото: Асқар Ахметуллин

Нұр-Сұлтан қаласында да карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мегополисте эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылданды. Ал, карантин коменданттық сағат емес, шатастырмауларыңызға шақырамын. Жүріп-тұруыңызға шектеу қойылады. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәл осылай деді. Елордада карантин режимі енгізілгенде нендей шаралар қолға алынады? Дәл қазір еліміздің астанасынан тікелей байланысқа шығып отырған әріптесім Салтанат Нысанбектен сұрап көрсек.