Бұл туралы Almaty.tv БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Almaty.tv БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді», делінген хабарламада.