Ал келеңсіз оқиғаға қатысқан тағы бір азамат 20 тәулікке қамалған
Алматыда карантин режимін бұзғандарды жауапкершілікке шақырмақ болып, таяқтың астында қалған тәртіп сақшысы марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Себебі ол ұстамдылық таныта отырып, заң бұзушылықтың алдын алған. Эмоцияға бой алдырмай, жұмысын адал атқарған тәртіп сақшысы бүгін көптің қошеметіне ие болды. Есте болса, 13 сәуір күні учаскелік инспектор өз қызметін атқарып тұрған. Кейін емін-еркін көшеде қыдырып жүрген үш азамат полицейдің айтқанын тыңдамастан жағасына жармасқан еді. Үшеудің бірі қылмыстық кодекстің 380 және 378-баптары бойынша, яғни құқық қорғау органы өкілін қорлау және жәбір көрсету деректері негізінде жауапкершілікке тартылды. Ал келеңсіз оқиғаға қатысқан тағы бір азамат 20 тәулікке қамалған.