Дәрігерлер Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Қайғылы оқиға Қостанай облысының Торғай ауылында 15 желтоқсан күні болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазір денелерінің 70 және 40 пайызын күйік шалған екі ересек адам қаладағы №1 аурухананың комбустиология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақ халаттылардың сөзінше, науқастардың жағдайы ауыр. Ал 10 және 8 жастағы бала №2 балалар ауруханасында. Тілсіз жаудың салдарынан олардың басы, беті, денесі және екі қолы күйіп қалған.

«Санавиация желісі бойынша жеткізілді. Екі баланың біріншісінің жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. денесінің 18 пайызы күйген. 18-желтоқсанда түскен екінші баланың денесінің 8 пайызы күйген. Орта дәрежеде жағдайы. Күйік-жарақат бөлімшесінде дәрі-дәрмек алып жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы №2 балалар ауруханасы комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Бақытхан САҒИДОЛЛА.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Қостанай облысының Торғай ауылында 15 желтоқсан күні орын алған. Салдарынан 4 адам көз жұмды. Олардың екеуі бір жасқа да толмаған нәресте. Анықталғаны, қызыл жалын шарпыған үйде барлығы 10 адам тұрған. Тілсіз жау отбасы кешкі асқа отырған кезде басталған екен. Ал шамамен 20 минуттан соң, үйдің төбесі оырылып түскен. Бүгінде Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығу себептерін анықтауда. Алдын ала болжам бойынша апатқа газ балонның жарылуы себеп болуы мүмкін.


Новости партнеров