Алматыда дезинфекция әсерінен құстар қырылып қалды деген ақпар қауесет

28.03.2020 02:50

Ресми мәлімдеме талдау нәтижесі шықаннан кейін белгілі болады

фото: ашық дереккөз

Алматыда дезинфекция әсерінен құстар қырылып қалды деген ақпар қауесет, деп хабарлады Almaty.tv.

Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. Қаладағы 28 панфиловшылар саябағында құстардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан комиссия құрылды. Оның құрамында ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, зоология институты және көгалдандыру бөлімінің өкілдері бар. Бұған дейін саябақта өліп жатқан бірнеше құс пен көгершіндердің суреті әлеуметтік желілерде тараған еді.

«Комиссия бұған дейін мұз айдыны болған 100 шаршы метр аумақта 30 құстың қырылып қалғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша құстар уланғаннан қырылуы мүмкін. Комиссия қырылған барлық құстан анализ алып, ветеринарлық қызмет оларды лабораториялық зерттеуге іріктеді. Құстардың неден қырылғаны талдау нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады», – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен ДІЛДАХМЕТ.

Әлеуметтік желіге салынған фото мен видеолар халықтың қызу талқысына түсті. Тіпті кейбірі қауіпті вируспен қатар, құс тұмауы да келді ма деген пікірлер айтуда. Мамандардың сөзінше, ол да негізсіз ақпарат. Сондықтан қауесетке сенбеуге шақырады. Ресми мәлімдеме талдау нәтижесі шықаннан кейін белгілі болады.