32 жастағы Назгүл Нысанбай соңғы рет былтыр наурыз айында Сергей Пак деген адаммен азаматтық некеде болған
32 жастағы келіншек жоғалды. Алматы облысының тұрғыны Назгүл Нысанбай 1 жарым жылдан бері хабар ошарсыз. Туыстары бірнеше рет құзырлы органдарға арыз жазған. Ал, келіншектің анасы болса, түн ұйқысын төрт бөліп, қызының аман-есен үйге оралатынына сенеді. Қалалық полиция не дейді? Толығырақ Almaty.tv тілшісінің бейнематериалда.
32 жастағы Назгүл Нысанбай соңғы рет былтыр наурыз айында Сергей Пак деген адаммен азаматтық некеде болған екен. Ол сол кезде Назгүлдің анасы Алматыға келіп кәрістен туған немересімен және тұрып жатқан үйін көріп қайтқан. Ал, 2019 жылдың мамырынан бастап хат, хабар үзілген. Өз кезегінде тустары полицияға бірнеше рет арыз жазған. Бірінші рет былтыр жергілікті Медеу аудандық ішкі істер басқармасына бас сұққан. Содан бері, ешқандай жауап ала алмай отырмыз дейді.
«Іс басталып қаралған, содан кейін тоқтап қалды іс. Сол себепті сіздерге келіп отырмын. Астанаға да хат жаздық. Астананың прокуратурасына. Одан да ешқандай көмек жоқ. Сіздерге қандай да бір көмек болатын шығар деген оймен сіздерге хабарласып отырмын», – деді Назгүл Нысанбектің ағасы Дархан Нысанбай.
Ал, қалалық полиция департаментінің өз айтары бар. Олар Назгүл Нысанбекті іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын айтады. Осы ретте жоғалған келіншектің туыстары мен араласқан адамдарынан сұрастырылып жатыр дейді, полиция департаментінің ресми өкілі.
«Азаматша Нысанбайдың із-түзсіз жоғалуы бойынша іздестіру ісі Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты криминалды полиция басқармасының іздестіру бөлімшесінің қызметкерлерімен өз өндірісіне қабылданды. Азаматша Нысанбайдың қандай себептерде және қандай жағдайда міндетті түрде анықтайтын боламыз», – деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Назгүлдің туыстары қандай жағдай болса да үйіне, отбасына аман-есен оралғанын қалайды. Ал, анасы үйінде қызы мен немересіне көруге асық. Назгүлді көрген білгендер болса, полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.
Арнат Дүйсен, Мұрат Тайжанов, «Алматы» арнасы