Салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмса, 4 адам аудандық ауруханаға жеткізілді
Бүгін таңғы сағат 6.30-да Ордабасы ауданы Көкарал ауылы ауданындағы Шымкент-Түркістан автожолының 67-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Түркістан облысы ПД-нің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Жол-көлік оқиғасы болған жерге Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің жедел терге тобы жетіп, бір бағытта жүріп бара жатқан «Хюндай Старекс» автокөлігінің жүргізушісі МТЗ тракторымен соқтығысқанын анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Хюндай Старекс» көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 4 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге және қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО жайты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Жүргізуші қамауға алынды.
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият болуды ескертеді.