Жамбыл облысында табанынан тозған шаруалар Елбасы мен Президенттен көмек сұрауға мәжбүр

22.04.2020 02:58

Жамбыл облысында биыл қант қызылшасы егілмеудің сәл-ақ алдында тұр

Almaty.tv

Жамбыл облысында биыл қант қызылшасы егілмеудің сәл-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Себебі Меркі қант зауыты шаруа қожалықтар алдындағы 680 млн теңге қарызын әлі өтемеген. 9 айдан бері табанынан тозған шаруалар, енді көмекті Елбасы мен Президенттен сұрауға мәжбүр.

Бұл 1 жыл бойы төккен тер мен еңбек ақыларын даулаған Меркі ауданының шаруалары. Балтыр қант қызылшасын тонналап өткізіп, енді ақыларын ала-алмай отыр. Осыдан 2 ай бұрын шаруалар Таразға жиналғанда, облыс басшылығы бұл мәселені басы бүтін шешеміз деген. Әрі диқандарға көктемгі дала жұмыстарына алаңсыз кірісе беруін сұраған. Бірақ өтелген өнімнің ақысы болмағандықтан жұмыс тоқтап тұр.

Шум:

1) Қазір біздегі көптеген шаруа қожалықтары лизингке техника алып жатыр. Жерге тыңайтқышты та алуымыз керек. Дизелдік отын да жоқ. Ал біз не істеуіміз керек? Әр ай сайын уәде береді, одан соң созады. Бәрібір берілген ақша жоқ.

2) Неліктен біздің билік бізге көңіл аудармайды? Біз мәселемізді шешіп беру үшін барлық жаққа жаздық. Дегенмен қимыл жоқ. Қазіргі кезде шет елдік техника алып отырмыз, бірақ әрі қарай жұмыс істеуге қорқып отырғанымыз да жасырын емес.

Меркідегі қант зауыты тәтті түбір үшін шаруаларға 1 млрд 42 млн теңге қаржыны 149 шаруашылыққа беру керек болған. Бүгінгі таңда өтелмеген 680 млн теңге әлі де бар. Сондықтан шаруашылық иелері биылдыққа егін салу бәс тігумен бірдей, дейді. Ақысын қайтарып алмауың да ғажап емес. Бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан мәселені облыс басшылығы шеше алмай келеді дейді.  

Ал, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы жақын аралықта оң шешім болады деп сендіруге тырысты.

«Аптаның жұма күні тағы 60 млн тг аударды, оны барлық шару қожалықтарына 2 млн 100 теңгеден бөліп бердік. Бүгінгі  күнде 680 млн теңге қалып отыр. Қазіргі күні қант зауыты тиісті несиелеу ұйымынан  несие алып отыр. Сол несиені алып, менің есебім бойынша мамырдың 15-не дейін толық жабатын болады деген нақты жоспарымыз бар», – деді Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік НЫҒМАШЕВ.

Басқарма басшысы әкімдік тарапынан барлық жұмыстың жасалып жатқанын айтып, жақын аралықта диқандардың басты мәселесін шешеміз деп отыр. Бірақ  бұл билік тарапынан берілген үшінші уәде екенін ескерсек,  сенімге селкеу түсері белгілі. Сонымен қатар, биыл өңірдегі қант қызылшасының егіс көлемі 500 гектарға күрт төмендеген.  

Мерей Бает, Мейіржан Ерболатов, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан