Серікжан Біләш халықты «жиһадқа» шақырған – прокуратура

Azattyq.org
Azattyq.org
Биыл 8 ақпанда Алматыда өткен шаралардың бірінде Серікжан Біләш қазақстандықтарды этникалық қытайларға қарсы қасиетті соғыс ашуға үгіттеген көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тіркелмеген «Атажұрт» қозғалысының құрылтайшысы Серікжан Біләшті Астана полициясы 10 наурыз күні ұстаған болатын. Ішкі істер органы оған «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады» деген айып таққан еді. Ал, елордалық прокуратура бүгін Біләштің халықты «жиһадқа» үгіттенін ресми мәлімдеді.

Бұл туралы ақпарат аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланған.

Прокуратураның мәліметінше, биыл 8 ақпанда Алматыда өткен шаралардың бірінде Серікжан Біләш қазақстандықтарды этникалық қытайларға қарсы қасиетті соғыс ашуға үгіттеген көрінеді.

Осы жайттан кейін жергілікті тұрғындардың бірі Астана қаласының полициясына арыз түсірген. 21 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Серікжан Біләштің сөздерінде расымен де қылмыстық құрамның бар екенін политологиялық сараптама дәлел келтірген. Сондай-ақ, куәгерлердің сөзі мен әлеуметтік желілерден алынған видеоматериалдар да тағылған айыпқа дәлел болады дейді құқық қорғаушылар.

Бүгін Астана қалалық ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Серікжан Біләшті тергеу аяқталғанға дейін 2 ай үйқамақта ұстауға шешім шығарды.

Новости партнеров