Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды

26.09.2022 03:07

Қазір ұсталғандардан жауап алынып жатыр

©ПС КНБ

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми ақпарға сәйкес, 3 ер адам «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтпекші болған. Олар елінде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ ниетте осындай әрекетке барыпты. Қазір ұсталғандардан жауап алынып жатыр. Соның нәтижесінде азаматтар ресейлік тарапқа беріледі.