Қыздың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен ер адам мен қыз бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Қыздың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Ал, тағы бір 10 жастағы баланың талдамалы нәтижелері жақсы болса, ертең ауруханадан шығарылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сенбі күні жарылыстан аса қатты зардап шекпеген ғимараттың оң және сол жақтарына тұрғындарды көшіруді жоспарлап отырмыз. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл нысан қалпына келтіруге жатады. Сәтті пайдаланып, мен осында тұрған адамдарды тыныштандырғым келіп отыр. Алаңдамаңыз, сараптамалық қорытынды бар. Ал жарылыс болған 1-ші және 2-ші қабатта қазір бекіту жұмыстары жүргізілуде», – деді Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков.
Еске салайық, 21 ақпанда 5 қабатты жатақханада болған жарылыстан барлығы 8 адам ауруханаға жеткізілген, 2 адамның өмірі қиылды. Тағы бір науқас жансақтау бөлімінен нейрохирургиялық бөлімге ауыстырылды.