Алматы прокуроры: Бандиттер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды

Алматы прокуроры: Бандиттер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды
Бүгінде қаладағы жағдай тұрақты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев брифингте сөйлеген сөзінде 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер шабуыл жасағанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың мінез-құлқы, дайындығы, қатыгездігі және іс-әрекеттерінің синхрондылығы ұйымшылдықты көрсетеді.

«Алғашқы күннен бастап мен және прокуратураның барлық қызметкерлері оқиғалардың тура ортасында болдық. Біз бандиттердің ұйымдасқан агрессиясын көрдік. Олар арнайы техниканы, өрт сөндіру машиналарын, автобустарды басып алып, құқық қорғау күштерін таратты. Барлық жерде бейнебақылау камералары жойылды. Қылмыс жасау үшін брусчатка мен қолда бар басқа да қаруларды пайдаланды», - деп атап өтті Алматы прокуроры.

Ол қалада барлық жеке құрам орналасқан прокуратура ғимараттарының бірі өртенгенін айтты. ТЖМ күштері тарапынан жасалған батыл іс-қимылдардың арқасында жалынды сөндіруге, қызметкерлерді эвакуациялауға мүмкіндік болды, олар жанып жатқан ғимараттан құтқарылды.

Б. Жүйріктаев қылмыскерлердің аңшылық дүкендерін мақсатты түрде басып алып, полицияға шабуыл жасағанын атап өтті. Оларға құқық қорғау органдарына шабуыл жасау, бейбіт тұрғындарды қорқыту және террористік шабуылдарды жалғастыру үшін қару қажет болды. Ғимараттар қирады, өрт және медициналық көмек жұмысы бұғатталды. Сол кезде құқық қорғау органдары бұл бұл ашынған митингішілер деп санады. Сондықтан, жасалған барлық қылмыстарға қарамастан, күш құрылымдары қару қолданбады.

«Қазір біз содырлардың наразылық акцияларын өз мақсаттары үшін қолданғанын түсінеміз. Көшелерге шыққан бейбіт тұрғындарды олар қалқан ретінде пайдаланды», - деп атап өтті Алматы прокуроры.

Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер шабуыл жасаған. Бұл енді бейбіт наразылық емес.

«Біз терроризм актісіне тап болдық. Қала әкімдігінің ғимараты, әуежай мен Президент резиденциясы басып алынды. Іс - әрекеттердің сипаты, дайындығы, қатыгездігі мен үйлесімділігі олардың ұйымдасқандығын көрсетеді», - деді Б. Жүйріктаев.

Ол қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты.

Алматы прокурорының айтуынша, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты.

Новости партнеров